Кетпе! Кетпе! Кетпе!

     /upd/2015/0820/144008238355d5e9cf44de24.84700638.pngКөршілерінің үйінде болған бір күн бұрынғы тойдың әңгүдігінен кейін, оның өмірі астан-кестен болған еді. Бұл үйде, бұл көшеде, бұл маңайда бұдан былай қала алмайтын еді. 
     Соншама жыл бірге өмір сүрген болса да, тіпті әйеліне де «Қош бол!» деп айтпай есіктен үнсіз шығып кетті. Артынан әйелі қалжыраған дауыспен жалбарынып жатқан еді: 
  «Кетпе!.. Кетпеші!.. Кетпе!.. Мені қалай ғана тастап кетесің?! Шаңырағымыз жалғыз басыма қалды, не істеймін мен енді, мені тастама!.. Екі баламыз да жалғыз басыма қалды!.. Кетпе!.. Кетпеші!.. Кетпе!..» 
Кейін дауысы өксіген жылаумен араласты, бірақ өмірлік жары артына қарау былай тұрсын, тіпті оны тыңдамады да. Сол кездегі кішкентай Айшаның анасының аяғын құшақтап: «Әкетай!.. Әкетай!.. Анашым!.. Анашым!..» деп жалынулары да еш пайда бермеді. Ол болса, осы жалбарынуларды естімегендей өз жолымен кете берді. 
    Көшенің бұрышынан бұрылып кеткеннен кейін, маңайдағы есік пен терезелерден осы оқиғаны бақылағандар да, ешкім оны ешқашан көрмейтіндей болды. Артынан  айқайлар бірнеше рет тағы да қайталанды. Жалынулардың, өксіп жылаулардың бәрі пайдасыз еді... 
    Үйдегілерді жұбатып, көңілдерін аулау үшін көршілері және туыстары жиналды. Бұған мұңаймауын, мұндай жағдайлар көптеген адамның басына келуі мүмкін екендігі айтылып жатты... Бірақ әйел: «Бұдан кейін мен не істеймін?..» деп, есіне түскен кезде қайтадан дүлейге түсе берді. 
Қайта оралу мүмкіндігі ме? Тіпті мұны енді ойлап та жатқан жоқ-ты... Иә солай... Табытпен кеткендер қайта келмейді ғой...