Жаңа технология-1

USB қаламсабы: Джеймс Бонд қаламсабы тек жазып қана қоймай, жасырын бейнетаспасы мен дыбысты видеоға түсіре алады. Отыз сағатқа дейін таспаға жазып, жадында сақтай алады.
/upd/2015/1007/14442035925614cc48b5ef83.54535690.jpg 
Азық турайтын электронды тақтайша: Үстіндегі азықтардың салмағын сандық түрде көрсете алады. Граммен белгіленген тамақ рецепттерін әзірлеу үшін немесе диета кестесін бұзбау үшін өте тиімді өнім.
/upd/2015/1007/14442036275614cc6b2ef521.53605133.jpg 
Жүзу қанатшасы: Жүзу қанатшасымен құрлықта жүру өте қиын. Бірақ бұл өнімді жеңіл аяқ-киімнің орнына да қолдануға болады. Барынша тиімді болған бұл өнімді сүңгуге әуесқой жандар жағажайда еркін қолдана алады.
 
/upd/2015/1007/14442036455614cc7d54f295.73632146.jpgСуға батпайтын кілт салпыншағы(брелок): Суға түскен кезде ішіне жасырылған 47 см ұзындықтағы ісіне алатын, қызғылт-сары түсті баллонның арқасында суға түскен зат 30 секундтың ішінде су бетіне қалқып шыға алады. Баллон 120 грамм салмақты көтере алады.
/upd/2015/1007/14442036635614cc8ff13e77.64913844.jpg 
Лазер қайшы: Бұл қайшымен сызылған түзу сызықтың үстімен қағаз немесе маталарды оңай қырқа аласыз. Жұмысты жеңілдететін құрал.
/upd/2015/1007/14442036865614cca670b4a6.52316844.jpg 
Моншақ сағат: Моншақ сағат: Бұл сағатта сандардың орындарында моншақтар бар. Сағат тілі мен минут тілі жарықпен көрсетіледі. Өте қызықты құрылған дизайн.
 
/upd/2015/1007/14442037025614ccb672a777.20317030.jpgҚолғап пен аяқкиім құрғатушысы: Қолғап пен аяқкиім құрғатушысы Әсіресе қыс айларында ылғалданған және дұрыс кептірілмеген қолғап немесе аяқкімдер үшін өте жақсы құрал. Оған қолғап пен аяқкиімдерді кигізесіз. Қысқа уақыттың ішінде құрғап шығады.
/upd/2015/1007/14442037415614ccdd48b0f4.04901926.jpg